Мың шыбық бой түзеді

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» аясында Шахтинск қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында және «Тәуелсіздік» саябағында ағаш шыбықтары отырғызылды.

Қала басшылығы мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес қалалық мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру және көгалдандыру шаралары қолға алынды. Қала әкімі С.Аймақов, қалалық мәслихат хатшысы Ж.Мамерханова бас­­таған депутаттар, «Арселор­Миттал Теміртау» АҚ КД өндіріс басқармасының өндіріс жөніндегі директоры Т.Дауов, компанияның көмір департаменті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімінің бастығы Р.Логунов, шахталардың директорлары, мемлекеттік ме­кемелердің басшылары, қала­ның Құрметті азаматтары, ардагерлер, қала тұрғындары жас көшеттерді отырғызу ісіне атсалысты. Бірлесе және жұмыла кіріскен істің арқасында 1000 көшет саябақтан орын тапты. Оның 500 түбін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жеткізді.

Өз тілшімізден.

ШАХТИНСК қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.