Бас тақырыпЖаңалықтар

Медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі байланыс орталығы ашылды

Медициналық сақтандыру қоры өз байланыс орталығын іске қосты. Медициналық сақтандыру бойынша кеңес алу үшін және кез келген сұрақтармен 1406 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Қоңыраулар Қазақстан бойынша кез келген телефоннан тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

1406 нөмірі бойынша медициналық сақтандыру, медициналық көмек мәселелері бойынша кеңес алуға, өтініш немесе шағым беруге, медициналық қызметтерді бағалауға болады.
Медициналық сақтандыру жүйесі пилоттық режимде сынақтан өтетін Қарағанды облысының тұрғындары да осы секілді сауалдарымен Қарағанды қаласы, Ә. Әлиханов көшесі, 2 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдау кабинетіне жүгіне алады. Байланыс телефоны: 8 (7212) 604-483.

2020 жылы мұндай кабинеттер Қордың әрбір аймақтық филиалында жұмыс істейтін болады. 

Басқа материалдар

Back to top button