Бас тақырып

Медицина қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттары берілді

Қарағандыда денсаулық сақтау саласының жас мамандары тұрғын үй сертификатына ие болды. Дәрігерлерге «Jastar – senim men serpin» республикалық форумында әлеуметтік көмек көрсетілді. Акцияны “Senim” кәсіподағы  бастаған.

Қарағандылықтар акцияны Қостанайдан қабылдады. Осыған дейін мұнай шаралар Атырау мен Қызылорда қалаларында да өткен. 

Кеншілер қаласына республикамыздың 16 облысынан 220 делегат келді. Екі күн ішінде форумға қатысушылар кәсіби мәселелерді талқылады. Жас дәрігерлер үшін шеберлік-сыныптары мен тренингтер, мәдени және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. 

– “Senim” денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Орталық Комитеті 500 мың теңгеге қайырымдылық сертификаттарын үлестірді. Форум барысында оларды ауылда жұмыс істейтін 21 жас маманға табыстады. Сонымен қатар, тұрғын үй сертификаттарын беретін әлеуметтік қолдаудың жаңа бағдарламасы жарияланды. Бұл мақсатқа 120 млн теңге бөлінді, – деді кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсенов. 

Басқа материалдар

Back to top button