Маңызды мәселелер — жүйелі бақылауда

Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Тұрақты комиссия өз жұмысын “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 12, 13, 14 және 15 баптарының ережелеріне, облыстық мәслихат Регламентіне сәйкес жүргізді. Іс-қимылдар облыстық мәслихаттың перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарлары, тұрақты комиссияның жылдық жұмыс жоспары, сессия шешімдері, комиссия қаулылары негізінде құрылды. Отырыстар уақытында өтті, барлық жоспарланған мәселелер қаралды.

Есепті кезеңде 9 отырыс өткізілді, олардың қорытындысы бойынша 22 қаулы қабылданды (2018 жылы – 4 отырыс, 9 қаулы). Комиссия депутаттары 35 лауазымды тұлғаның есебін тыңдады, отырыстарға 97 адам қатысты (2018 жылы – 39). Жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты комиссия мына мәселелер бойынша отырыстар өткізді:

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының “Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастарының тізбесін айқындау туралы” №84 шешімінің орындалу барысы туралы»;

Қарағанды облысының тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық саласындағы тариф белгілеудің жаңа тетіктерін іске асыру барысы туралы;

Құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссияның 2018 жылғы 18 қазандағы “Нұрлы жер” тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын және ипотекалық несие беру бағдарламасын іске асыру барысы туралы” қаулысын орындау туралы;

– “Қарағанды облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары туралы” облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 14 наурыздағы шешімін іске асыру барысы туралы;

Қарағанды облысында “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы;

Қарағанды облысында газдандыру бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы;

Қарағанды облысында елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жағдайы және даму перспективалары туралы;

Қарағанды облысында “Нұрлы жол” инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы; – Қарағанды облысындағы тозған тұрғын үйдің жай-күйі мен апатты және бос тұрған үйлерді қалпына келтіру перспективалары туралы;

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалының жағдайы және даму перспективалары туралы.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында депутаттық бақылаумен “Нұрлы жол” инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы (Теміртау қаласындағы смарт-мектеп және тағы басқалары) бойынша жүзеге асырылатын нысандар құрылысы мәселелері қамтылған.

Жолаушылар тасымалын дамытудың жайкүйі мен перспективасы, әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін анықтау мәселелеріне қатысты өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін қарастыру бөлігінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныстар енгізіліп, тұрақты бақылауға алынды. Өңдеу жұмыстарының сапасын бақылау үшін облыстық жол зертханасын құру, иесіз қалған көпірлерге, жол өтпелеріне, су өткізу темірбетон құбырларына түгендеу және паспорттау жүргізу, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға демпингті 10% шектеу бөлігінде өзгерістер енгізу мәселесі бастамашылық етілді.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Өтешовтің 04.10.2019 жылғы № 2-1/5-23 өкімімен құрылған уақытша жұмыс тобы Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск қалаларында, Абай, Ақтоғай, Шет және Ұлытау аудандарында жолаушы тасымалын жүзеге асыру, әлеуметтік маңызды бағыттарды қамтамасыз ету және тасымалдаушы кәсіпорындармен кездесу мәселелері бойынша депутаттық бақылау жүргізді. Жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша тасымалдаушылар табысының ашықтығын қамтамасыз ету және жолаушылар ағынының санын анықтау мақсатында депутат Н.Иманов тұрақты автобус маршруттарында электронды билеттеу жүйесін енгізуді жылдамдату қажеттігі туралы ұсыныс енгізді. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының автобус маршруттарында электронды билеттеу жүйесінің жабдықтары орнатылды және іске қосу-реттеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

2019 жылдың 3 тоқсанында Жезқазған қаласында құрылыс, көлік инфрақұрылымы және коммуналдық шаруашылық саласын дамыту жағдайы мен болашағы мәселесі бойынша тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті, оның қорытындысымен жергілікті атқарушы органдарға автобус паркін кезең-кезеңімен жаңарту мүмкіндігін қарастыру, Кеңгір су қоймасының санитарлық-қорғау аймағында салынып жатқан объектілер бойынша рұқсат беру құжаттамасын сәйкестендіру, суармалы су құбырын жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сумен жабдықтау көзін анықтау, 320 орындық балабақша құрылысын аяқтау және тағы басқалары туралы ұсыныстар енгізілді.

Жезқазған қаласында өткен отырыс қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдарды жүзеге асыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Өтешовтің 2019 жылғы 19 наурыздағы өкімімен Жезқазған өңірі бойынша депутаттық топтың құрамы бекітілді, оған облыстық мәслихаттың депутаттары М.Абайділдинов, Д.Абдраманов, Б.Алтынбеков, Е.Жұмабеков, Т.Тілемісов, Б.Шыңғысов кірді.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды, олардың орындалуы – тұрақты бақылауда. Бейінді мәселелерді талқылау кезінде депутаттар сындарлы ұсыныстар мен ескертулер енгізеді, олар назарға алынады және түпкілікті шешім қабылдау кезінде ескеріледі.

Депутаттар аудандар мен қалалар әкімдерінің тұрғындармен кездесулеріне белсене қатысады, атқарушы органның консультативтік-кеңесші органдары мен кеңестерінің мүшелері болып табылады. Осының барлығы атқарушы органдармен өзара байланысты жақсартуға және ақпараттандыруды арттыруға, туындаған мәселелерді шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Тұрақты комиссияның қызметі облыстық мәслихаттың басқа тұрақты комиссияларындағы әріптестерімен, Қарағанды облысында “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы, Қарағанды облысында “Нұрлы жол” инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы, Қарағанды облысында жолаушылар тасымалын дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы облыстық мәслихат сессияларының қарауына енгізілетін маңызды, әлеуметтік маңызды мәселелерді қарау жөніндегі өзге де уақытша және жұмыс комиссияларымен тығыз байланыста болды.

Тұрақты комиссия атқарушы органдардың салалық бөлімдерімен байланысты қолдайды, олардың басшыларының мәслихат шешімдерін іске асыру жөніндегі есептерін қарайды, сессияларда баяндамалар мен қосымша баяндамаларды, оның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қорытындыларды ұсынады, жергілікті жерлердегі істердің жағдайын зерделеу және жиналған проблемаларды шешу үшін облыстың проблемалық аудандары мен қалаларына барады.

Комиссия отырыстарында талқылаудың маңыздылығы бойынша энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы мәселелері басым болып табылады.

Тұрақты комиссияның жұмысына қатысу – депутаттық қызметтегі басты бағыттардың бірі, сондықтан комиссия мүшелерінің басым көпшілігі өз міндеттерін адал атқарады. Н.Иманов, Б.Базарбаев, Б.Алтынбеков, Д.Гелетей, Н.Қосыбаев сияқты депутаттардың комиссия жұмысындағы белсенді қызметін атап өту қажет.

Барлық депутаттар комиссия жұмысына тұрақты түрде қатысады, белгілі бір себептермен қатыса алмаса, ол туралы құжат ұсынады.

2019 жылғы сессияға және тұрақты комиссиялар отырыстарына сұрақтарды дайындау кезінде депутаттардың тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмысына қатысуын талдау, тұрақты комиссиялардың сессиялары мен отырыстарын дайындау мен өткізуге, жұмыс топтарының өңірлерге шығуына депутаттар Н.Иманов, Б.Базарбаев, Б.Алтынбеков, Н.Қосыбаев, А.Майқыбеков белсенділік танытты. Олар жергілікті атқарушы органдар ұсынған ақпараттарға талдау жасап, тәуелсіз баға берді, өзекті мәселелерді көтерді және оларды шешу жолдарын ұсынды, олардың барлық ескертулері кейіннен мәслихат шешімдерінде көрініс тапты.

Депутаттардың сайлаушылармен жұмыс нысандарының бірі – азаматтардың қабылдауын ұйымдастыру және өткізу. Депутаттар өз сайлау округтерінде қабылдауларды бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты негізде жүзеге асырады.

2019 жылдың басынан бастап, депутаттар сайлаушылармен 40 кездесу өткізді (2018 жылы – 38), 92 жеке қабылдау өткізді (2018 жылы – 83), 96 адам қабылданды (2018 жылы – 66), азаматтардың 34 өтініші қаралды және әр түрлі инстанцияларға жіберілді (2018 жылы – 105), (Н.Иманов – 5 өтініш (2018 жылы – 3), Б.Базарбаев – 7 өтініш (2018 жылы – 6), Б.Алтынбеков – 3 өтініш (2018 жылы – 2), Г.Гелетей – 2 өтініш (2018 жылы – 2), Н.Қосыбаев – 4 өтініш (2018 жыл – 1), А.Аларин – 10 өтініш (2018 жылы – 10), А.Майқыбеков – 2 өтініш (2018 жылы – 2), Д.Абдраманов – 1 (2018 жылы – 2).

Азаматтардың 34 өтінішінен: 29-ы оң шешілді, 5-і бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес, түсініктемелер берілді, тиісті органдарға сұраныс жасалды. Барлық мәселелер бойынша білікті түсініктемелер берілді, депутаттар тарапынан көмек көрсету арқылы оң шешілген мәселелер аз емес.

Айта кету керек, барлық депутаттар, комиссия мүшелері өз округтерінде үлкен жұмыс жүргізіп, тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Өз құзыреті шегінде мәселелерді шешуге көмек көрсетеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын қарайды, белгілі бір сұрауларды, хаттарды уақытылы жібереді.

Өтініштерді талдау көрсеткендей, проблемалардың көпшілігі ТКШ, тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету, жұмысқа орналастыру мәселелерімен байланысты. Депутаттардың көмегімен сайлаушылардың жекелеген азаматтарды жұмысқа орналастыру, азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, коммуналдық мәселелерді шешу, түрлі емдеу мекемелеріне емдеуге жатқызуға көмек көрсету, елді мекендерді абаттандыру, қардан тазалау және автожолдарды жөндеу сияқты түрлі проблемалық мәселелері шешілді.

Автобус жолаушыларын электрондық билеттеу мәселесі тұрақты комиссияның төрағасы Н.Имановтың бақылауында тұр. Депутат А.Түкбаеваның белсенді азаматтық ұстанымының арқасында “ТжКБ ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы” мәселе оң қаралды. 2020 жылға арналған облыстық бюджет жобасында жұмыс мамандықтарының барлық студенттерін жан басына қаржыландыру және ыстық тамақпен қамтамасыз ету шығындары білім басқармасының мәлімдеген қажеттілігіне сәйкес, толық көлемде ескерілді.

Депутаттық сауалдың арқасында Н.Қосыбаевтың Шет ауданы Киікті ауылында орта мектеп салу мәселесі оң шешілуде.

Сондай-ақ, тұрақты комиссияның депутаты Б.Алтынбеков Мемлекет басшысының Жолдауына пікір білдірді.

Комиссия қызметінің бір түрі – бұл бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін белсенді пайдалану. Комиссия отырыстарының ақпараттық хабарламалары облыстық газет беттерінде, облыстық мәслихаттың сайтында үнемі жарияланады.

Есепті кезеңде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс шеңберінде тұрақты комиссия мүшелері 24-тен астам мақала, сұхбаттар мен пікірлер жариялады. Облыстық “SARYARQA” телеарнасында, “5 канал” телеарнасында және облыстық «Ortalyq Qazaqstan» және “Индустриальная Караганда” газеттерінде тұрақты бағдарламалар мен “Ойталқы”, “В интересах людей”, “Человек труда”, “Постскриптум”, “Халық және депутат”, “Депутаты за работой” айдарлары бар, оған депутаттар тұрақты түрде белсене қатысады.

Тұрақты комиссия облыстың жұртшылығымен және үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесін үнемі кеңейтеді. Жалпы халықпен және сайлаушылармен тығыз байланыс жүзеге асырылады.

Тұрақты комиссия мүшелері жүктелген функциялар мен алдына қойылған міндеттерді орындауға күш-жігерлерін жұмсайды.

Бұдан әрі тұрақты комиссияның жұмысын жақсарту үшін тұрғын үйкоммуналдық сала, жол инфрақұрылымы объектілеріне бару арқылы көшпелі отырыстар, қандай да бір мәселелер бойынша көпшілік тыңдаулар өткізуді жоспарлап отырмыз.

Тұрақты комиссия депутаттары алдағы уақытта да өз қызметін жетілдіріп және жақсартып, атқарушы органдармен, қалалық және аудандық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен өзара іс-қимылды нығайтатына және облыс халқының игілігі үшін жемісті еңбек ететініне сенім білдіремін.

Нұржан ИМАНОВ,

облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.