Шет

Лайықты сый

Кешегі заманда кеңестік атқарушы органдарда жауапты қызметтер атқарған, бүгінде ұлттық руханиятқа өзіндік үлесін қосып жүрген Шет ауданының құрметті ақсақалдарының бірі – Мәжит Әбдіров сексен жасқа келіп отыр.

Ағамыз кейінгі уақытта Арқа төсіндегі бірқатар қорымдар мен бейіттердің мәлім болуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Жылдар бойы тірнектеп деректер жинап, біраз қорымды анықтап, қоршауға алды, алқаулы бабаларымызға мазар тұрғызып, бастарына ескерткіш қойғызды. Ел қорғаны болған бабаларымыз туралы ел игілігіне айналып үлгерген шежіре кітабын берді. Осылайша ұрпақтар жалғастығында алтын көпір бола білді.

Осыған орай «Бейбітшілік Әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі Мәжит Аманқұлұлын ха­лықтар арасындағы достық пен ынты­мақтастықты нығайта отырып, еліміздің дамуы жолында қайырым­дылық көрсетіп, әлеуметтік мәселелердің оңды шешілуіне және жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде қосқан қомақты үлесі үшін, жауапкершілігі мол жоғары ин­теллектуалды, жаңашыл әрі талапты басшы ретінде атқарған еңбегін жоғары бағалап, «Ұлт мақтанышы» медалімен марапаттады.

Аталмыш награданы салтанатты жағдайда облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров тапсырып, Мәжит Аманқұлұлына алдағы уақытта шығармашылық табыс тіледі.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button