Басты тақырыпЖаңалықтар

КЕНШІЛЕР ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Кеше қаламыздың Кеншілер мәдениет сарайында кәсіптік мерекелеріне орай кеншілерге құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынды облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ құттықтау сөзбен ашып, құрметті мамандық иелеріне алдағы уақытта да жемісті еңбек тіледі. Бір топ еңбек ерлеріне облыс әкімінің және салалық ведомстволардың Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар, арнайы төсбелгілер табыс­талды.

Өңір басшысы қарағандылық жұртшылық үшін кеншілер күнінің қашанда құрметті екендігін, биылғы мерекенің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және облысымыздың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырғандығымен ерекшеленетінін айтты.

Бұл екі мерекенің екеуі де көмір өнеркәсібінің көркеюіне серпін береді, – деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен мына еңбек тарландары марапатталды:

Тұрсынов Аразбек – «Қазақстан» шахтасының №3 учаскесінің кеншісі,

Бурлаков Дмитрий Алексеевич – В. Ленин шахтасы №1 учаскесінің машинисі,

Серік Дегембаев – «Шахтинск» шахтасының қауіпсіздік техникасы және желдеткіш учаскесінің таукен шебері,

Дегтярев Виктор Сергеевич – Костенко шахтасы №2 учаскесінің жерасты электр слесары,

Бацанская Людмила Петровна – «Шығыс» орталық байыту фабрикасының көмір байыту цехының аппаратшысы,

Федосенко Нелля Александровна – Қарағанды жүк тиеу-транспорттық басқармасының жүк тасымалдау жұмысы мен пайдалану қызметінің өтімі жөніндегі экономисі.

«Көмір өнеркәсібінің Құрметті жұмыскері» атағымен:

Мұрат Мұқажанов – «Қазақстан» шахтасы №1 учаскесінің таукен жұмысшысы;

І дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен:

Рахматуллин Радик – «Шахтинск» шахтасы №1 учаскесінің таукен жұмысшысы,

Нещерет Александр Иванович – «Тентек» шахтасы №2 учаскесінің жерасты электр слесары;

І дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен:

Краутер Александр Рихардович – «Шығыс» орталық байыту фабрикасыынң жөндеу слесары – марапатталды.

Сондай-ақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Парамжит Калон да құттықтау сөз сөйлеп, М.Булычев, Н.Захаро, М.Капкаев, В.Мощенко, А.Пономерев, Д.Гелетай, Ю.Макаров, В.Пацер, А.Горячих және басқаларын салалық белгілермен марапаттады.

Осы қоғамның Көмір депар­таментінің директоры Евгений Ромащин де бірқатар еңбек озаттарына салалық айырым белгілерін тапсырды. Олардың арасында: В.Малько, Ю.Амонов, В.Ануфриев, А.Ступников, Р.Хамидуллин, М.Ахметов, В.Бугаков, В.Коровин, А.Половников бар.

Одан кейін сахна төріне өнер тарландары көтерілді. Рес­пуб­ликалық байқаулардың жеңім­паздары Айдар Қапасов, Нұрбол Темірғалиев, Дулат Аханов шахтерлер әндерінен попурри орындады. Өнер тарландары Роза Рымбаева, Талғат Ыдырысов, Әлфия Кәрімова, Гүлбану Серікова, Арайлым Жүкенова, «Джигитс» тобы, «Шығыс әуендері» аспаптар триосы, Дүйсен Үкібай дирижерлық еткен Тәттімбет атындағы академиялық оркестрі, «Аққу» хореографиялық ансамблі және басқаларының өнерін жиналған жұртшылық тапжылмай тыңдады.

Төрехан Майбас

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button