Жаңалықтар

Кенші болғыңыз келе ме?

Шахтерлердің ерен еңбегі қашан да даңққа лайық. Қауіп-қатерге бетпе-бет келіп, кен алуға кез келгеннің батылы бара бермейтіні де рас. Заманға қарай бүгінде сан алуан мамандық көбейді. Бұрын бұл ауыр еңбектің елеулі кезінде бала біткен кенші боламын дейтін мақтанышпен. Қазір бизнесмен боламын дейді. Бұл кенші мамандығының қадірі кемігендігі ме? Әлде жер астына түсуге жүрегі дауаламайды ма жастардың? Осыған байланысты «Кенші болғыңыз келе ме?» деген сауалнама жүргізген едік…

Арман, 21 жаста, уақытша жұмыссыз:

Жоқ. Қазір шахтер болудың мәні жоқ. Кезінде шахтерлерде бәрі болды. Үй де, күй де, атақ та, даңқ та. Қазір денсаулығын жоғалту ғана қалды. Еңбектері ауыр. Бірақ сол еңбек жастай денсаулықты жоғалтуға тұрмайды. Одан да қазір басқа мүмкіндіктерді қарастыру керек. Мүмкіндік көп қой бүгінде.

Мақсат, 27 жаста, заңгер:

Ол туралы ойламаппын. Негізі – қиын, әрі жауаптылықты, қажыр-қайратты талап ететін кәсіп. Қолымнан келсе, болатын едім. Егер мен кішкентайымнан туысқандарымның арасынан бір кеншіні көріп өскен болсам, соған еліктерім сөзсіз еді. Онда мен кенші болар едім.

Ардақ, 35 жаста, жүргізуші:

Болғым келеді. Айлығы жақсы деп естимін. Қазір қандай жұмыс бар, соған баруға дайынмын. Шахтер болу керек болса, оған да дайынмын.

Есен, 20 жаста, студент:

Шахтер болу – денсаулықтан айырылу. Мен ондай ауыр жұмысқа барғым жоқ. Алты сағат жер астында жұмыс істеп, аз өмір сүргім келмейді. Оның үстіне, қазір шахтерлерде бұрынғыдай жеңілдіктер жоқ қой. Оған несіне қызығамын?

Айдар, 30 жаста, менеджер:

  • Құрметке әбден лайық мамандар. Мен қолымнан келсе, кенші болар едім. Оған еш ойланбас едім. Жұмыстары ауыр, қауіпті екені белгілі. Бірақ мен кеншілерге зор құрметпен қараймын. Айтпақшы, алдағы кеншілер күнімен де құттықтаймын!

    P.S.Аз-кем сауалнамадан біраз жайтты байқадық. Кенші мамандығына әркімнің көзқарасы әр түрлі. Біреу мақтан тұтса, қайсыбірі ауыр жұмыстан басын ала қашады. Бірақ бір жайт айқын. Кім не десе де, Кеншілер мәртебесі биік, мерейі үстем қашанда.

 Әзірлеген: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button