Кәсіпкерлер қамқорлығы

Қарағанды облыстық кәсіпкерлер палатасы Қаражал қалалық филиалы мен қаладағы іскер әйелдер кеңесінің бірлесе әрекет етуі әлеуетті істерді атқаруға негіз қалап, кәсіпкерлердің маңызды шараларға мүдделі түрде қатысу белсенділігін арттыра түсуде.

Қоғамдық бірлестік санатындағы қос құрылымның өкілдері  Ұлы Жеңіс мерекесі күні қалада көненің көзіндей болып қалған жалғыз майдангер Нина Винокурованың шаңырағына арнайы барып құттықтады. Мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті. Бұл жолы іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Сурия Садвакасованың жанында ізгі ниетті ұстанған кәсіпкерлер Ольга Шакурова мен Жанар Сүлейменова болды.
Кәсіпкерлер қауымының қала аумағындағы айтулы шаралардан тысқары қалмай, өзіндік үлестерін қосуға ықылас танытып тұратыны сол күні кең көлемді мерекелік бағдарламаларды
ұйымдастыру аясында да айқын аңғарылды. Олар орталық алаңда өз күштерімен солдат ботқасын пісіріп, тұрғындарға тегін таратты.
Кәсіпкерлер палатасы қалалық филиалының менеджер-консультанты Лариса Целюраның айтуынша, өңірдегі өндіріс ошақтары да қоғамдық сипаттағы маңызды істерден қалыс қалмауға қалыптасқан. Мәселен, барит ауырлатқышын өңдеп өндірумен шұғылданатын «Karazhal operating» ЖШС басшылығы да Ұлы Жеңіс мерекесінде тарту-таралғыларын арқалай барып, соғыс ардагері Нина Винокурованың қуанышын еселей түсіпті. 

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
ҚАРАЖАЛ қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.