Бас тақырыпТаным

“Көрісу” мерекесі енгізіледі

Қазақстанның мерекелік күндер күнтізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізілмек, деп хабарлады aikyn.kz тілшісі.

14 наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», – делінген үкімет қаулысының жобасында.

Түсіндірме жазбада айтылғандай, бұл жоба Премьер-Министр Асқар Маминнің 2019 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасымен бекітілген.

«Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», – деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова түсіндірме жазбасында.

Басқа материалдар

Back to top button