Жаңалықтар

Ізгі бастамалар қоғамды жаңғыртады

Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының біріккен отырысында Елбасы Н.Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамаларды жариялады. Біз, үкіметтік емес ұйым мүшелері, бұл отырыс трансляциясын мұқият тыңдап, бір ауыздан қолдадық. Елбасының бұл мәлімдемесі ертеңіміз үшін сенімділігімізді күшейте түсті, жаңа жоспарлар құруымызға негіз болды.
Жаңа бастамалардың ішінде қазақстандықтарды, оның ішінде жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету механизмдерінің жеңілдетілетіні, осы мақсатта 7-20-25 бағдарламасы жұмыс істейтіні қуанта түсті. Еліміздегі төмен жалақы алатын адамдарға жеңілдіктер, яғни, салық мөлшерінің азаюы өте прогрессивті бастама, үлкен әлеуметтік көмек.
Еліміздің ертеңі жастар, осы бастамалар жастардың қоғамда дұрыс орнын тауып, әлеуметтенуіне көп әсер ететіні сөзсіз. Себебі, 2018 жылы жоғары білімнің сапасын арттыру, оны қолжетімді ету үшін қосымша 20 000 грант бөлінетіндігі айтылды, студенттердің білім алуына жағдай жасап, жатақханалар салынатындығы туралы айтылды.
Бұның бәрі тек әлеуметтік көмек қана емес, экономиканың дамуын да арттыра түсетіні анық. Себебі, құрылыс секторы дамиды, оған қажетті отандық өнімдер шығарыла бастайды.
Елбасы шағын несие беруді кеңейту жөнінде, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарының құрылатынын атап айтты, газдандыру мәселесі де тыс қалған жоқ.
Осы жаңа бастамаларды біз бір ауыздан қолдаймыз, өз тарапымыздан атсалысамыз. Дамыған Қазақстан – қуатты Қазақстан!

Нұргелді Омарханов,
«Жұмысшы жастар одағы» ҚБ төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button