Коронавирус

Ирина Любарская: «Жұмыссыз қалғандарға жұмыс орындарын қарастырамыз»

Бүгінде сатушы болып қызмет ететін көптеген тұрғындар жалақысыз, төтенше жағдайға сәйкес берілетін өтемақысын ала алмай қалуы мүмкін. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ирина ЛЮБАРСКАЯНЫҢ айтуынша, мұның алдын алу үшін жұмыс беруші мен қызметкер арасында еңбек келісім-шарты заңдастырылуы тиіс. Қолдарында осындай құжаттары болса, олар жұмыссыз қалған жағдайда тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеліп, зейнетақы қорына аударып отырған жарнасы есебінен сол сәттегі еңбекақысының 40%-ын алуына болады.

– Егер жұмыскер мен жұмыс беруші арасында еңбек келісім-шарты жасалмай, зейнетақы қорына жарна аударылмаған болса, біз, яғни, жергілікті атқару органдары оларға қолдан келгенше жұмыс тауып беруге тырысамыз. Ол үшін тағы да тұрғылықты мекен-жай бойынша жұмыспен қамту орталығына келіп, жүгінуі керек. Сонымен қатар, егер, азаматтың осыған дейін істеген саласы бойынша бос жұмыс орны болмаса, кез-келген қолда бар бос жұмыс орындарына орналасып, еңбек етулерін сұраймыз. Қалай да қаржы табу мүмкіндігін қарастыру керек. Бүгінде көпшілік қауым қашықтан жұмыс істеуге көшкен. Ғаламтор арқылы да, түрлі азық-түліктерді тұтынушыға жеткізу қызметтері және тағы басқа да табыс табу мүмкіндіктері бар. Осындай қызметтерге икемі болса, заңды түрде оны пайдаланып табыс табуға да болады. Осы орайда, тұрғындар шама келгенше жұмыстарын заңдастырса екен. Алайда, жұмыссыз қалғандар қараусыз қалмайды. Біз заңды түрде барлық көмекті беріп, жағдайды қадағалаймыз, – деді Ирина Юрьевна.

Басқа материалдар

Back to top button