Бас тақырып

Инвесторлар жаңа жобалар ұсынды

Қарағанды аймағында жүзеге асыру үшін инвесторлар бірқатар жаңа жобаларды ұсынуда. Жария етілген мәліметтерге сүйенсек, «РЕТ» ЖШС «САРЫАРҚА» арнайы экономикалық аймағында кокс брикеттері өндірісін ұйымдастыруды мақсат тұтып отыр.

Аталған жоба жылу және электр энергиясын ілеспе жолмен өндірмек. Оған қоса, өнім технологиялық негізде экологиялық таза және атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайды. Инвесторлар жобаны іске асыруды екі кезеңге бөліп қарастыруда. Ал, жоба аймақ экономикасына 30 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуға және 150 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Жоба жетекшілері әзірге елімізде мұндай өндірістің баламасы жоқ екенін мәлімдейді. Сонымен қатар, «Сарыарқа LED» ЖШС жарықдиодты шамдар мен көшені жарықтандыру тіректерін өндіретін зауыт салуды жоспарлауда. Жобаның құны – 70 млн. теңге және кешен жұмысын бастағанда 50 жаңа жұмыс орны пайда болады. «ARCUS Инвест» ЖШС өкілдері темір жол техникасына қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт құрылысын ұсынды. Компания – «Сарыарқа» АЭА қатысушысы. Инвестиция – 2,4 млрд. теңге. Бұл өндіріс 60-тан астам жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етпек.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button