Ілгері басудың жарқын жолы

Ел Президентінің биылғы жылғы 9 маусымға белгіленген кезектен тыс сайлауы – мемлекет саясатының сыртқы және ішкі сұраныстары талабынан туындаған қажеттілік. Міне, осы тұрғыдан алып қарастырғанда, мұны мемлекет мүддесімен үндес мазмұндағы ілгері басудың жарқын жолы деп бағамдаған жөн.


Сайлау нәтижесінде елдің одан әрі өсіп-өркендеуі қамтамасыз етіліп, тұрақтылық пен этносаралық келісім нығая түсетін болады.
Президент сайлауы – қоғамдағы жағымды өзгерістерге, демек, елдің жанжақты жаңғыруына артылар үміт. Сол өзгерістердің тиімді нәтижесі төрткүл дүние таныған және күмәнсіз мойындаған Қазақстанды дамудың жаңа сапалы деңгейіне алып шығуы тиіс.
Бұдан тысқары, әлемдік интеграция дәуірінде мемлекеттің сыртқы саясатын жемісті жүргізу үшін барша халықтың қолдауымен сайланған Мемлекет басшысы қажет. Кезектен тыс сайлау елде заңды мандаты бар қуатты биліктің орнығуын қамтамасыз етеді.
Біз тәуелсіздік жылдарында аяғымыздан нық тұрып, дамудың даңғыл жолына түстік. Бейбітшілік пен келісім үстемдік құрды. Жаңадан сайланатын Президент Ұлы Дала Елінің даңқын арттырып, Елбасы таңдаған дара жолмен алға баса берудің кепілі болары анық. Сондықтан, кезектен тыс Президент сайлауына мүдделі негізде қолдау білдіру – азаматтық парыз.

Гүлмира РЫСПАЕВА,
Ұлытау ауданы мемлекеттік архивінің басшысы.