Ілгері басу — басты бағдар

2015 жылдан бастап елімізде Индустрияландырудың екінші бесжылдығы жүзеге асырылуда, 2019 жыл – оның соңғы кезеңі. Бағдарлама экономиканы дамытуға, ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыруға, өңдеуші секторда экспорттаушыларды қолдауға, шетелдік инвестицияларды қоса алғанда, жеке инвестицияларды тарту арқылы серпінді жобаларды іске асыруға бағытталған. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру өнеркәсіп салаларының тұрақтылығы мен өсуінің оң серпініне жағымды әсер етеді, 2019 жылы біз осы үрдісті сақтадық.
Жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп шамамен 50% (46,7% – 2019 ж. 9 ай), оның ішінде өңдеуші сала 30%-дан астам (29,9% – 2019 ж. 9 ай), бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте НКИ 103,2% құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі
2,5 триллион (2 586 млрд. теңге) деңгейінен асып түсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде нақты көлем индексі 112,9% немесе 324,4 млрд. теңгені құрады. Өңдеу
өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1 622,9 млрд. теңгені, НКИ 95,8% құрады. Бұл түсті металлургия (+9,6%), металл бұйымдарын өндіру (+18,9%), фармацевтика (+25,9%) және басқа салалардың өсуі есебінен мүмкін болды.


Облыс өнеркәсібінде бұрынғыша металлургия басым. Негізгі кәсіпорындар – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, олардың саладағы үлесі 70% астам. Бұл кәсіпорындар тұрақты жұмыс істейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша «АМТ» АҚ болат өндірісі 3689,3 мың тоннаны құрады, бұл – өткен жылғы көрсеткіштен
11,8%-ға артық (2018 ж. қаңтар-желтоқсан – 3300,7 мың тонна). Компания 305 млрд. теңгеге инвестициялармен бірге өндірісті жаңғырту жөніндегі үш жылдық бағдарламаны уақытылы орындады. 2019 жылы кәсіпорын 116 млрд. теңге салды. Өндірісті жаңғырту, жабдықтарды жаңарту, еңбек және экология жағдайы бойынша мәселелер шешілуде.
«Қазақмыс» корпорациясында бір жыл ішінде мыс өндірісінің өсуі 11,4%-ға немесе 355,7 мың тонна
(2018 ж. қаңтар-желтоқсан – 319,3 мың тонна) қамтамасыз етілді. Корпорация өндірісті жаңғырту бойынша
жұмыс жүргізуде. 2019 жылы оларға 75,2 млрд. теңге салынды.
Металлургия саласында 2018 жылы «Sary-ArkaCopperProcessing» ЖШС катод мысын шығару зауыты, «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» ЖШС құю өндірісі және «Алтыналмас АК» АҚ «Пустынное» алтын айыру фабрикасының өндірісін арттыра отырып жаңғырту сияқты ірі жобалар іске қосылды. 2019 жылы бұл кәсіпорындар жобалық қуаттылыққа шықты.
Өндірісті дамыту шарттарының бірі – тауарлар экспорты.
Ағымдағы жылғы қаңтар-тамыз айларында өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2393,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылдың тиісті кезеңінен 13,7%-ға төмен (2018 ж. – 3974,5
млн. АҚШ доллары). Қара металлургияда (-61,5%, 106,0 млн. АҚШ доллары), түсті металлургияда (-11,3%,
387,9 млн. АҚШ долларын құрады, мысқа әлемдік бағаның төмендеуі) жеткізілімдер төмендеді.
Ел экспортының жалпы көлеміндегі облыстың үлес салмағы шамамен 23% құрайды. Облыс әлемнің 49 еліне, оның ішінде Ресей, Қытай,
Біріккен Араб әмірліктері, Ұлыбритания, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан
және тағы басқа елдерге 60-тан астам тауарларды экспорттайды. Негізгі экспорттық тауарлар – мыс, жалпақ илек,
ферроқорытпалар, кремний және тағы басқалары. Экспорттың негізгі үлесі – 75% «АрселорМиттал Теміртау» мен «Қазақмыс» компанияларына
тиесілі («АМТ» – 35,4%, «Қазақмыс» – 39,3%), қалған үлес – облыстың басқа кәсіпорындарына тиесілі. Оның
ішінде Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған кәсіпорындар бар
(облыс бойынша олардың саны 30-ға жуық).
2019 жылы металлургия (ферроқорытпа және болат құбырлар), машина
жасау (тау-кен техникасына арналған машиналардың бөліктері), сондай-ақ химия (кремний, карбит) сияқты салаларда тауарлардың экспорттық өсуі  күтілуде. Өндірілетін және экспортталатын тауарлардың себетін кеңейту және ұлғайту мақсатында Үкімет экспортты қолдау жөніндегі бағдарламаны қабылдады. Осы мақсатта 500
млрд. теңге қарастырылған. Облыс
кәсіпорындары осы қолдауды пайдаланады. «KazakhExport» желісі бойынша 6 млрд. теңге сомасына экспорттық
келісім-шарттар қолдау тапты және
сақтандырылған.
Осы қолдау түрлерінен басқа, қаржыландыру келесілерге де бөлінеді:
– жеңілдікті кредит беру және экспортқа дейінгі қаржыландыру;
– сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту үшін қайта капиталдандыру;
– экспорттық саудалық қаржыландыру;
– көлік шығындарын өтеу және тағы басқалары.
2019 жылы көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге бөлінді. Облыстың 24 кәсіпорны көлік шығындарын өтеуге өтінім берді. Оның ішінде 4 кәсіпорын жалпы сомасы 7,6 млн. теңге
(«Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Завод МеталлПрофиль» ЖШС, «Минова Казахстан»
ЖШС), қалғандары қарастырылуда.
Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы базасында «Экспорттаушыларға арналған бірыңғай терезе» жұмыс істейді, ол экспорттаушыларға өнімді өткізу нарықтарын және әлеуетті сатып алушыларды іздестіруде, кедендік және логистикалық қызметтер бойынша мемлекеттік
қолдау шаралары және проблемаларды шешуде кешенді қолдау көрсетеді.
Индустриялық-инновациялық даму аясында басқарма жұмысының негізгі басымдықтарының бірі
– инвесторлармен жұмыс істеу және инвестиция тарту. Облыста инвестицияларды тарту үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс пысықталған:
1. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша регламент әзірленді.
2. «Бір терезе» қағидаттарында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
3. Инвесторлар үшін «Шоу-рум» құрылды. Енді инвесторлармен барлық кездесулер әкімдікте емес, осында өтеді. Қажет болған жағдайда «Шоурум» олар үшін жұмыс офисіне айналады.
4. Инвестицияларды тарту саласындағы ұйым ретінде «Сарыарқа»
ӘКК анықталды. ӘКК құрылымдық бөлімшесі инвесторларды ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, өңірдің инвестициялық имиджін ілгері жылжытады.
5. Барлық заманауи талаптарға жауап беретін Қарағанды облысының мамандандырылған инвестициялық порталы жұмыс істейді (ақпарат орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді).
Бұл жұмыс инвестицияда оң динамиканы сақтауға мүмкіндік береді.
Алғашқы рет жалпы инвестиция көлемі 59,1% өсіммен 800,4 млрд. теңгені құрады. Бұл – облыс үшін рекордтық көлем. Өңдеу өнеркәсібіне
184,6 млрд. теңге салынды немесе
2018 жылдың тиісті кезеңіне 124,8%
(2018 ж.қаңтар-қазан – 97,1 млрд. теңге). Негізгі үлес жеке инвестицияларға
тиесілі – 92% (2019 ж. – 732,9 млрд.
теңге, 2018 ж. – 421,9 млрд. теңге), бұл – біздің облыста іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар.
Көрсеткішке «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы»
ЖШС, «ЖКБК» АҚ, «Астана газ КМГ»
АҚ, «YDDD Corporation» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» ЖШС, «Горно-рудные
технологии» ЖШС, «КЭС «Гүлшат»
ЖШС, «Линде Газ» ЖШС, «Нова
Цинк» ЖШС, «Алтыналмас» ЖШС,
«Казсолар 50» ЖШС және «Алайғыр» БК» ЖШС салымдарының есебіне қол жеткізілді.
Жұмыс істеп тұрған өндірістерді
жаңғыртуға, бюджеттік инвестицияларға дәстүрлі инвестициялардан басқа, облыста 1 трлн. астам сомаға,
10576 жаңа жұмыс орындарын құрумен 43 жаңа ірі инвестициялық жоба
іске асырылуда.
2019 жылы 110 млрд. теңгеге 10
жоба іске қосылды. Олардың ішінде
– жаңа «YDD Corporation» ферроқорытпа зауыты, Қарағанды целлюлоза-қағаз комбинаты, төрт күн электр
станциялары («Саран» КЭС» ЖШС,
Гүлшат кентіндегі КЭС, Ақадыр кентіндегі КЭС, Кеңгір ауылындағы (КЭС), «Альфарух» көтерме-тарату орталығы және басқалары.
Келесі жылдары бірқатар ірі жобалар іске асырылатын болады. Олардың ішінде «Алайғыр» полиметалл кенінің жаңа КБК, «Хэбэй Хуатун» кабель өнімдерінің өндірісі, «Сарыопан Оперейтинг» жоғары сапалы әк өндірісі, «Шұбаркөл Көмірде» арнайы кокс өндірісі және тағы басқаларын атап өтуге болады. Осы жобалардан басқа, облыстың минералдық-шикізат базасын кеңейту мақсатында жаңа өндірістер құру әлеуеті бар. Қазіргі уақытта тау-кен саласының әлемдік көшбасшылары Қарағанды облысында іздестіру жұмыстарын жүргізуде, бұл:
– «Rio Tinto» компаниясы, 2014
жылдан бастап Шет және Ақтоғай
аудандарында мыс-порфирленген кендерді барлау бойынша жұмыс істейді.
– «Улмус фонд» неміс компаниясы
Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында асыл және түсті металдарды барлау
бойынша жұмыс істейді
– «Yildirim Group» түрік холдингі
Шет ауданында хром кендеріне жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Сондай-ақ, облыста 40 юниорлық компанияның келісімшарттары бар және барлық аудандарда қатты пайдалы қазбалар бойынша барлау жұмыстарын жүргізеді. Бұл – темір кені, мыс, полиметалл, барит кендерін, түсті және асыл металдарды іздеу және барлау жұмыстары. Жүргізіліп жатқан жұмыс және жобаларды іске асыру инвестицияның жыл сайынғы өсуіне ықпал етеді.
Экспортты тарту және жылжыту
тетіктерінің бірі – Сарыарқа арнайы
экономикалық аймағы. АЭА қатысушыларына салықтық және кедендік
жеңілдіктердің кең пакеті ұсынылады.
Бүгінгі таңда АЭА аумағында 18 қатысушы тіркелген, оның 7-і пайдалануға
берілді, бұл:
– «Бёмер Арматура» ЖШС – дөңгелек шүмектер мен тығын арматура
өндірісі;
– «Изоплюс Центральная Азия»
ЖШС-жылу оқшауландырылған құбырлар;
– «Tau-KenTemir» ЖШС – металлургиялық кремний;
– «SevenRefractoriesAsia» ЖШС

–отқа төзімді материалдар;
– «Recycling Company» ЖШС – автохламды қайта өңдеу;
– «Outlook» ЖШС – Megacam. Limit аппараттық-бағдарламалық кешені; – «Термо Форм» ЖШС – виброқұймалы пішінді отқа төзімді бұйымдар. 11 кәсіпорын іске асырылу барысында. 2019 жылы құрылыс жұмыстарына құны 8,1 млрд. теңгені құрайтын, өнеркәсіптік жарылғыш заттарды
өндіретін «Бүркіт» БК кірісті. АЭА қатысушылары жобаларға 90 млрд. теңге инвестициялады, өндіріс көлемі 89 млрд. теңгені құрайды, 858 жаңа жұмыс орны құрылды. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру сервистік қолдау арқылы отандық өндірісті дамыту үшін де жағдайларды көздейді. Облыста жергілікті
өндірушілерді қолдау бойынша облыс әкімдігі мен жүйе құраушы кәсіпорындар арасында жалпы сомасы 84,3 млрд. теңгеге меморандумдарға қол қойылып, іске асырылуда. Бүгінгі күні 114,9 млрд. теңгеге 376 келісім-шарт жасалды.
Тоқсан сайынғы негізде Қарағанды облысының жүйе құраушы кәсіпорындарының сатып алудағы жергілікті қамту үлесіне талдау жүргізіледі. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары жалпы сомасы 423,9 млрд. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді (ТЖҚ) сатып алуды жүргізді, қазақстандық қамту 310,7 млрд. теңгені немесе ТЖҚ қимасында 73,3% құрады.
Өндірістік қуаттылықтардың жүктемесін қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді кепілді тапсырыстармен қамтамасыз
ету және Қарағанды облысының жүйе құраушы кәсіпорындарының айналасында босаған қызметкерлерді тарту мақсатында 43 кәсіпорын
шоғырландырылып, аутсорсингке берілді. Атап айтқанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ – Теміртау қаласындағы 33 кәсіпорын, оның ішінде 26 кәсіпорын шоғырланып, 7-і
аутсорсингке берілді. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС тамақ және арнайы киіммен қамтамасыз ету, резеңке-техникалық бұйымдар, оттегі және азот өндіру, ЖЖМ жіберу және мұнай шаруашылығы нысандарын күтіп ұстау саласында 10 жоба аясында аутсорсингтік компаниялармен бірлесіп жұмыс істейді. Өсу резервтеріне жоғары қайта бөлу технологиясын қолдана отырып облыс кәсіпорындарымен өндірісті жаңғырту және кеңейту арқылы қол жеткізілді. Сонымен, Индустрия 4.0 элементтері облыстың 10 ірі кәсіпорындарында – «АрселорМитталТемиртау» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ, «ЖКБК» АҚ, «Алтыналмас» АК АҚ, «Мэйкер» ЖШС, «Алайғыр» БК ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Kazakhmys Coal» ЖШС (Молодежный разрезі), «Мыс компаниясы Коунрад» ЖШС енгізілуде. Осы жобаларды іске асыру аясында сандық шешімдерге баса назар аудара отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері жетілдірілді. Бұл тау-кен секторында жарақаттануды төмендетуге мүмкіндік береді. Жалпы, жобаларды цифрландыру еңбек жағдайларын жақсартуды және еңбек өнімділігін арттыруды, технологиялық процестерді оңтайландыруды қамтамасыз етеді. Екі кәсіпорында – «Алтыналмас АК» АҚ және «Евразиан Фудс» АҚ 2020 жылы цифрландыру әсерін көрсетуге, мемлекеттік қолдау құралдарын әзірлеуге және апробациялауға мүмкіндік беретін модельді сандық фабрикалар құру жөніндегі жобаны аяқтау жоспарлануда. Біздің ғалымдар өндірісшілердің проблемалары мен тәуекелдерін шешуге бағытталған жұмыс жалғасуда. Жалпы облыстың барлық өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріске енгізу сатысында ғылыми қоғамдастықтан 20 ұсыныс бар. Бұдан басқа, сандық технологиялар мен Индустрия 4.0 элементтерін енгізуде кадрларды даярлауға кәсіби дағдыларды дамыту бойынша құзыреттер орталықтары үлкен рөл атқарады. Осындай өзара іс-қимылдың нәтижесі біздің облысымызда таукен өндіру және құрылыс саласына бағдарланған 9 құзырет орталығын (оның ішінде 2-өңіраралық) құру болды. Бүгінде инновациялық инфрақұрылымды құру жұмыстарының қорытындысын атап өтуге болады. Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2017 жылға қарай 3,6 пайыздық тармаққа өсумен 15%-ға дейін артты. Жалпы, индустриялық-инновациялық даму жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. 2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1050 қаулысымен 2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамудың үшінші бағдарламасы қабылданды және бекітілді. Бағдарламада өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларында тиімді өндірушілерді қолдау пайдасына салалық басымдықтардан көшу жоспарланған. Тікелей қолдау нақты көрсеткіштерге (жаңғырту, экспорттың өсуі және тағы басқалары) қол жеткізу бойынша Бизнестің қарсы міндеттеріне айырбастауға ұсынылатын болады. Басқарма алдында 2025 жылға қарай келесі нысаналы индикаторларға қол жеткізу міндеті тұр – өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 1,7 есе өсуі, өңдеу өнеркәсібі экспортының 2,5 есе өсуі, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар көлемінің 2,8 есе өсуі. 

 

                                                                                                                                                      Ғалымжан ЖҰМАСҰЛТАНОВ, Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.