Бас тақырыпОблыс әкімі

Ерлан Қошанов қарағандылық оқушылар мен ұстаздарды құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Осакаров кентіндегі тірек мектебіне барды. Білім күніне арналған салтанатты жиында аймақ басшысы облыстың барлық оқушылары мен мұғалімдерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Сіздердің міндеттеріңіз – жақсы оқу. Мемлекет сіздердің балалық шақтарыңыз бақытты және әсерлі болу үшін бәрін жасайды. Бүгінде бұл үшін барлық жағдай жасалуда. Одан әрі білімін жалғастырғысы келетіндер үшін білім гранттары бөлінеді. Жұмыс істегісі келетіндер үшін жұмыс орындары құрылады. Биылғы жылы облыс бойынша 33 мың бос жұмыс орны құрылды, оның 900-і Осакаров ауданында, – деді Ерлан Қошанов.

Ол оқушыларға және олардың мұғалімдеріне қызықты және жемісті жұмыс тіледі.

Басқа материалдар

Back to top button