ЕАЭО-да сауда-саттық қарқынды

ЕАЭО-да

сауда-саттық қарқынды

2016 жылғы қаңтар-мамырда Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 478,8 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 245,3 млн. АҚШ доллар, импорт – 233,5 млн. АҚШ доллары. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлайды.

Статистика департаменті таратқан мәліметтерге сүйенсек, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттың жалпы көлемінде 88,4% – Ресей Федерациясына, 10,3% – Қырғызстанға, 1,3% – Беларусь еліне тиесілі.

Экспорт құрылымында айтарлықтай үлесті – 62,4% темірден жасалған жалпақ илек, қоспаланған, қоспаланбаған және тот баспайтын болат құраған көрінеді. Тас көмір, шымтезек, шекемтас және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері – 10%, мырыш кендерi мен қойыртпалары – 6,4%.

Ресей Федерациясынан импорт Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорттың жалпы көлемі – 95,9%, Беларусьтан – 3,8%, Қырғызстаннан – 0,2%, Армениядан импорт – 0,1%

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен облысқа кең ауқымды тауарлар әкелінеді. Қаңтар-мамырда импорт құрылымында жалпақ илек – 7,6%-ы, пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар – 6,2%-ды, түсті металлдардан бұйымдар – 5,1% құраған.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.