Жаңалықтар

“Еңбек” бағдарламасы: сандар мен дәйектер

Қарағанды облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы табысты түрде іске асырылуда. Мысалы, «Бастау -Бизнес» жобасы ауылдықтарға өздерін жаңа қырынан таныту үшін көптеген мүмкіндіктер ашты. Бағдарламаның жүзеге асуы мен бүгінгі таңдағы нәтижесі туралы облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Максим ГАЛИУЛЛИНМЕН сұхбаттастық.

  • Максим Ришатович, қазіргі таңда облыс тұрғындары бағдарлама шеңберінде жұмыспен және бизнеспен қаншалықты қамтамасыз етілген?
  • «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы үш бағыт: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»; «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»; «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша іске асырылып жатыр.«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін 1807 адам оқыған. Олардың жартысынан көбі микрокредиттер алды. Оның ішінде, мерзімінен бұрын қайтарылған қаражат есебінен. Бағдарламаның үшінші бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 976 адам жіберілген. Жастар тәжірибесіне 1174 жас жолдама алған. Бұл – олардың жұмыспен қамтылатындығын білдіреді. Себебі, Халықты жұмыспен қамту орталықтары одан әрі жұмыспен қамтуға ықпалдастық етеді.
  • Қарағанды облысында бағдарламаға қатысушыларының саны қанша?
  • Аймағымыздың тұрғындарына 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы барлығын ақ парақтан бастауға, нық тұруға нақты мүмкіндік берді. Осылайша, 1 қарашада оның қатысушылары 53534 адам болды. Оның ішінде, 47 170 адам жұмыспен қамтылған. Бағдарлама іске асырыла басталғаннан бері облыстың 112714 тұрғыны қамтылды. Ал, оның 96197-і жұмыспен қамтамасыз етілген болатын. Бірінші бағыт бойынша еңбек нарығының сұранысын есепке ала отырып, кәсіптік және техникалық біліммен кадрларды даярлауға 1400 адам бағытталған. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларға жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 10205 адам жоспардағы 8157 адамның орнына жіберілді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға екінші бағыт бойынша 3176 адам бағытталған, 2932 адам оқуын аяқтады. Сонымен қатар, бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлаған 1586 адамға микрокредиттер берілді. Оның ішінде, реинвест есебінен 85 микрокредит берілді. Бағдарламаның үшінші, жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша 2282 әлеуметтік жұмыс орны құрылды. 2321 адам жастар тәжірибесіне жіберілді. Бағдарламаның 721 қатысушысы инфрақұрылымдық жобаларға жұмыспен қамтылған.
  • Несиені қалай алуға болады?
  • Шағын несие алу салық органдарында тіркеліп, шағын қаржылық ұйымға, кредиттік серіктестіктерге, Халық Банкі, Сбербанк, Евразия Банкі, АТФ Банк, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сияқты екінші деңгейлі банктерге берілген Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы қолында болуы тиіс. Мақсаты – бастаушы кәсіпкерлердің қызметін кеңейту мен зәкір ұжымдардың қатысушыларының қызметін қаржыландыру болып табылатын жобалар есепке алынбайды. Кредит бес жылға беріледі. Егер, мал шаруашылығы саласы мен мал шаруашылығы ұжымдарын құру туралы сөз болса, мерзімі жеті жыл. Шағын қалалардың тұрғындары мен ауыл тұрғындары үшін ең жоғары сома 2,5 мың АЕК құрайды. Зәкірлік ұжымды дамыту үшін – 5 мың АЕК-ке дейін. Қалалар мен шағын қалалардың тұрғындары 6,5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшердегі заем ала алады. Сыйақының номинал мөлшері – жылдық 6 пайыздан артық емес. Бұл ретте бағдарлама қатысушылары үшін кепілдік тегін. Сонымен бірге, биыл 100 АЕК-ке дейінгі мөлшердегі 18 мемлекеттік грант беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қарағанды, Шахтинск қалалары мен Бұқар жырау және Осакаров ауданының бағдарлама қатысушылары мемлекеттік гранттарды алды, ал, өзге өңірлерде мемлекеттік гранттардың бірін алуға арналған жұмыстар жалғастырылып жатыр.
  • Бағдарламаға қалай қатысуға болады?
  • Бағдарлама қатысушысы болу үшін қалалар мен аудандардың Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну жеткілікті. Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қалалар мен аудандардың Халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары толық ақпарат ұсынады. Жұмысқа орналасуды, өз ісіңді ашуды немесе жаңа мамандықты игеруді – бүгінгі таңда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2018 жылдарға арналған бағдарламасының көмегімен бастауға болады.

Сұхбаттасқан Жансая ОМАРБЕКОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button