Бас тақырыпРесми

Дәурен Абаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Абаев  Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазаны мен 2016 жылдың мамыр айы аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2013 жылдың шілдесінен 2016 жылдың мамыр айына дейін — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2016 жылдың мамыр айынан бастап — Ақпарат және коммуникациялар министрі (13.09.2016–25.02.2019 қайта тағайындалды).

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап, соңғы тағайындауға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.  

І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Басқа материалдар

Back to top button