Жаңалықтар

Дәстүрлі шара – денсаулық кепілі

Дәстүрге айналған бастамалардың бірі – «Денсаулық фестивалі». Жаңаарқа ауданының жұртшылығы белсенділік танытты.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі» акциясы көрініс тапқан еді. Аталмыш шараға төрт жүзге жуық мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, өз белсенділіктерін байқата білді. Жастар ресурстық орталығы және Б.Амалбеков атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушылары арасында қашықтыққа жүгіру мен арқантартыс жарысы өтіп, жеңімпаз спортшылар марапатталды. Спорттық сайыстардан басқа мәдени іс-шаралар өтіп, денсаулықты сақтау жолдары түсіндірілді. Тұрғындар маманның ақыл-кеңесіне жүгінді. Осы тұрғыдан алғанда, шараның ұйымдастырылуы бірнеше мәселені қамтыды десек, артық емес. Фестиваль соңында жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Сайлаубеков О.Жұмабеков атындағы мектеп директоры Р.Рахимовқа ауқымды акцияда белсенділік танытқаны үшін аудан әкімі Юржан Бекқожиннің Алғыс хатын табыстады.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button