Бертіс хан есебі

Халқымызда мұрақ киген хандар есебі, шекпен киген қаралар есебі деген арифметика заңына бағына бермейтін есептер қатары бар. Мына есеп те сол қатарға кіреді. Ел ішінде бұл есеп «Бертіс хан есебі» деп аталады.

Бертіс ханның Түркістанды билеп тұрған заманында хан бағында өзекті жанның түсіне де кіре бермейтін жер-жиһанның өсімдігі жеміс беріп тұрыпты. Хан қол астындағыларға сол бақтан тегін жеміс жеуге рұқсат етіпті. Алайда, оның бір шарты болыпты. Келушіге хан қара есеп жұмыпты. Сол есебі арқылы келушінің нәпсісін біліпті. Қара ақылман болған жағдайдың өзінде нәпсісіне қарай хан қызметіне ілігіпті.

Сондай мақсатпен бір Қара ханға келіпті.

Мейірімді алдияр! Өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз, – депті шекпенді Қара.

Хан алуға рұқсат етіпті.

Қара баққа барады. Хан бағы әдепкі бақтан басқа болады ғой. Үш рет қоршауға алынған екен. Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұрыпты.

Қара бірінші жасауылға келіп:

Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады, – депті.

Рұқсат, бірақ, шығарда алған алмаңның тең жартысын және бір алма бересің, – депті жасауыл.

Қақпадағы екінші және үшінші жасауыл да оған осылай депті.

Сұрақ:

Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін, Қара бақтан наша алма алуы керек?

Қара бақтан өзіне неше алма алды?

Сауал сырына үңілген Мирас АСАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.