Жаңалықтар

Белгісіз адам жолаушылар автобусына оқ атты

Кеше Қарағандыда сағат 19:00 шамасында белгісіз адам пневматикалық қарудан үш автобусқа оқ атты. Бұзақының әрекетінен автобус шыныларына зақым келген. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. 

Кейін анықталғандай, шабуыл жасалған кезде №40 автобуста 45-ке жуық, №45 автобуста 120-ға жуық, №33 автобуста 70-ке жуық жолаушы болған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары №45 автобустың салонынан  пневматикалық қарудың диаметрі 4,5 мм металл оғын тапты. Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 293 – бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау шаралары жүргізілуде. 

Басқа материалдар

Back to top button