Басты тақырыпҚарқаралы

Бастамадан – нәтижелі іске

45 шақырымды құрайтын «Қарқаралы – Қасым Аманжолов» бағытындағы аудандық маңызы бар жолға 2013 жылы 90,9 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, уақыт өте келе жолдың ой-шұқырлары қайта ашылып, автокөлік қатынасы қиындай түсті. Осыған орай, Қасым ауылының халқы аудан орталығына қатынайтын жолды өз күшімізбен жөндеп алсақ деген бас­тама көтерді.

Он адамнан тұратын арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, алғашқы іс-шараларды бастап кетті. Ауыл тұрғындары шама-шарқынша қаражат жинап, техникасы бар ел азаматтары бас қосты. Жастар да қолдарына құрал-саймандарын алып, іске кірісті. Нәтижесінде, айналдырған бірнеше күннің ішінде, уақытпен санаспай 45 шақырымдық жолдағы шұңқырларды жауып, жөндеп шықты. Күніне 50-ден астам адам мен 2 КамАЗ, 4 трактор үздіксіз жұмыс істеді. Ауыл халқын осындай ізгі іске ұйымдастырып, тізе қоса жұмыс атқарып отырған ауыл әкімі Манарбек Қабиев – жас та болса, бас болып отырған азаматтың бірі.

Жалпы, ауыл халқының бастамасын қолдаған азаматтардың қатарында «Нұр» шаруа қожалығының басшысы Ербол Сағымбаев техникамен көмек көрсетсе, Нұрлан Қайырбеков, Асылан Жақанов, Бауыржан Оспанов жөндеу жұмысы басталғаннан бері еңбек етіп жүр. Сондай-ақ, ел азаматы Әділхан Нау­шабаев, Ғалы Оразалин басқарып отырған «Кент» орманшылығының ұжымы да қолдан келген көмегін аяп қалмады. Қарқаралы қаласындағы белді кәсіпкер «Дильназ» сауда үйінің басшысы Жаннұр Жақыповқа да ел дән риза. Ауыл тұрғындарының бұл бастамасын құптаған кәсіпкер ақшалай көмек көрсетті.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button