Баға бұлқынып тұр

Азық-түлік тауарларына баға бір айда 1,4%-ға жоғарылады. Азық-түлік емес тауарлар 0,4%-ға қымбаттады. Ақылы қызметтерге баға мен тарифтер индексі 2016 жылғы шілдеде алдыңғы аймен салыстырғанда 100,6%-ды құрады. Бұл туралы облыстың статистика департаменті хабарлайды.

Статистика департамен­тінің мәлімдеуінше, азық-түлік тауарларына шілдеде маусымға қарағанда қантқа баға – 17,5%-ға, жұмыртқаға – 12,4%-ға, алкогольсіз сусындарға – 5,7%-ға, жармаларға – 5,3%-ға, жемістерге – 4,8%-ға, ұнға – 2,8%-ға, татымдықтарға – 2,3%-ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдерге – 2%-ға, құс етіне – 2,1%-ға, сырға – 1,3%-ға, жануар майы және макарон өнімдеріне 1,2%-ға көтерілген. Ал, көкөністерге 5,5%-ға, балық және теңіз өнімдеріне 0,2%-ға төмендеген.

Азық-түлік емес тауарлар тобында емдеу жабдықтары және аппараттар – 4,1%-ға, велосипедтер – 3,7%-ға, ұсақ үйде қолданалатын заттар – 1,8%-ға, мотоциклдер – 1,7%-ға, кеңсе тауарлары және сызу жабдықтары 1,3%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер тобында баға және тарифтердің мектепке дейінгі және бастауыш білім қызметіне – 11,2%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтеріне – 4,2%-ға, теміржол жолаушы көлігі қызметтеріне – 3,4%-ға, демалысқа және экскурсияға жолдамаға 2,9%-ға қымбаттап, әуе көлігі жолаушы қызметтері 2,1%-ға арзандаған.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.