Жаңалықтар

БҰҰ алып қашудың құрбаны болған қызға қатысты мәлімдеме жасады

27 мамыр күні Қырғызстан Республикасында 19 жастағы Бурулай Турдалиева есімді бойжеткенді 30 жастағы ер адам мәжбүрлі түрде алып қашқан. Қыздың ата-анасы жазған арыздың негізінде полиция қызметкелері іс қозғап, күйеу жігіт пен “қалыңдықты” бөлімшеге алып кетеді. Сол жерде ер адам өзіне әйел болудан бас тартқан қызды пышақтап өлтірген. Бұл хабар ТМД елдерімен қатар әлемдік БАҚ беттерінде қызу талқыланды. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми мәлімдеме жасап, адам тағдырына алаңдаушылық білдірді. 

“Қырғызстандағы БҰҰ өкілдігі мәжбүрлі түрде үйлену мақсатында ұрланған, артынша полиция бекетінде өлтірілген қыздың тағдырына алаңдаушылық білдіреді. Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғыстанда 24 жасқа дейінгі бойжеткендердің  13,8 пайызы алып қашудың құрбаны болған. Қырғыстандағы БҰҰ өкілдігі Қырғыстан үкіметін дәстүрі саналатын мұндай некелердің алдын алуға және халықаралық келісімдер негізінде заң бойынша реттеуге шақырады”, – делінген БҰҰ мәлімдемесінде.

Айта кету керек, “Алып қашу” мәселесі Қазақстан Республикасында өзінің өзектілігін жойған жоқ. Өткен жылы да елімізде мәжбүрлі түрде үйлену мақсатында алып қашты делінген студент қыз жоғары қабаттан секіріп кеткен болатын. Алайда бұл іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты жабылып қалған.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button