Ауылға қамқорлық – басты міндет

Облыста дамуы, тұрмысы өзге ауылдардан ерекшеленетін ауыл бар. Әңгіме Нұра ауданының 1 мыңнан астам адам тұрғыны бар Шахтерское ауылы туралы. Жергілікті халық қалаға жаппай көшу тенденциясын айналып өтті. Өйткені, «қолайлы өмір сүру үшін мұнда барлығы жеткілікті» дейді олар.

 

«Шахтерское» ЖШС негізін қалаушы және басшысы Георгий Прокоптың ауылдағы өндірісті сауатты ұйымдастыру қабілетінің арқасында тоқыраудың алды алынды. Ол – астық шаруашылығын басқара отырып, одан әрі қарай табысқа жету әрі елге пайдасын тигізудің дұрыс жолы ұжыммен қарым-қатынас құра білуге тікелей байланысты екенін бірден түсінді. Ал, ұжым дегеніміз – осы ауылдың тұрғындары.

Осы жылдар ішінде елді мекенде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған көптеген жобаларды іске асырды. 2015 жылдың желтоқсан айында алты жолақты жүзу бассейнінің ашылуын атап өтуге болады. Оның есігі тек жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, барлық азаматтар үшін ашық. Биылдан бастап мұнда Нұра ауданының жазғы демалыс лагеріне келуші мектеп оқушылары жүзумен тегін айналысуда.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 2017 жылы 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Оған – бокс рингі, күрес және жаттығу залдары, баскетбол және волейбол алаңдары кіреді.

Осы жобаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 140. млн теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл нысан тек ауылымыздың игілігі үшін ғана емес, жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына да қолжетімді, дейді Георгий Георгиевич.
Абаттандырылған ауыл көшелері көз қуантады. Бюджет есебінен жолдар тазартылып, кәсіпорын жарықтандыруды қалпына келтірді. Өткен жылы ауыл орталығына қаладағыдан еш кем емес жайлы сквер орнатылды.

  • Барлық жерге орындықтар қойылып, ағаштар отырғызылған. Ойын алаңында таңертеңнен кешке дейін естілетін балалардың күлкісі – көңіл қуантады. Биыл гүл бағы алаңын безендіретін масақ түріндегі стелланы жасауға тапсырыс бердік. Себебі, егін шаруашылығы – бізге өте жақын. Стелла ауыл еңбеккерінің символы болмақ. Қазан айының соңында, қараша айының басында жоба аяқталады деп ойлаймын, деді Георгий Прокоп.

2020 жылы 300 орынға арналған тұрмыстық салт-дәстүрлер үйінің құрылысы жоспарланған. Сол жүзеге асса, ауыл тұрғындары үйлену тойын лайықты өзкізуге, мерейтойды атап өтуге немесе ас беруге басын бас қатырмайтын болады. Бірақ, бұл – басы ғана.

Өткен жылы облыс әкімі Ерлан Қошанов келгенде, біздің шаруашылық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша жаңа орта мектептің құрылысына қатысады деп келістік. Қазіргі ғимарат 63 жыл бұрын тың игеру дәуірінде салынған. Оның әлдеқашан стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталған, тозғандықтан жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары тиісті нәтиже бермейді. Сонымен қатар, өңірді дамыту мәселелерінде тірек көзі шаруашылық болғандықтан, жақын маңдағы бес мектептің 10-12 сынып оқушылары да келіп білім алуларына ыңғайлы мектеп болуы тиіс, – деп жоспарларымен бөлісті шаруашылық басшысы және мұның маңызын түсіндірді. – Мен интернаттарға қарсымын, бала отбасында тәрбиеленуі тиіс. Біздің балаларды күн сайын мектепке жеткізу үшін, техника, көлік инфрақұрылымы сияқты қажетті мүмкіндіктеріміз бар.

«Шахтерское» ЖШС-нің әлеуметтік саясаты қайырымдылық жобаларды қамтиды. Бұл – көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға балаларын мектепке дайындау үшін материалдық көмек және зейнеткерлерді азықпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, жергілікті балалар мен ересек хоккей командасын және «Халықтық» атағы бар мектептің үрмелі оркестрін қолдау.

Кадрларға қамқорлық жасаудың арқасында келесі жылы туған ауылына инженер-механик ретінде жергілікті екі бала қайтып оралады. Георгий Прокоп олардың Жоғары оқу орнында оқуына грант бөліп, тіпті, шәкіртақы да қарастырған. Келген мамандармен штат толығуда. Жақында серіктестікке үш жас маман – екі агроном және бір инженер жұмысқа орналасты. Олардың барлығы баспанамен, лайықты жалақымен қамтамасыз етілген, отбасы мүшелеріне 2 млн теңге көлемінде көтерме ақы төленді.

Бұл шаруашылықтың даму стратегиясы мен әлеуметтік саясаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың өзіндік эталоны.

Тұңғыш Президентіміз айтқандай, адамдар өздеріне қамқорлық жасалып жатқанын сезінуі үшін бәрін жасау керек. Ол ұсынған «Туған жер» бағдарламасы әрбір қазақстандықты өзінің шағын отанын қолдауға, қомқар болуға шақырады. Бұл – біз үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де өзекті міндет, деп атап өтті Георгий Прокоп.

Жәлел ШАЛҚАР.