Жаңалықтар

“Atameken Qaragandy” ұйымы кәсіпкерлерге несие бере бастады

Қарағанды облысының шалғай аудандарда тұратын кәсіпкерлер енді Atameken Qaragandy ұйымынан жеңілдетілген несие ала алады. Микроқаржылық ұйым Қарағанды облысы әкімдігі және Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен құрылған. Ол кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие бере отырып, алыс аудандардағы шағын бизнестің дамуына ықпал етеді. 

Несиелендіруге қажетті қаражатты ірі компаниялар береді. Қаржы мақсатты түрде таратылмақ. Нақты айтқанда, қаражат қала құрушы кәсіпорындар орналасқан аймақтарға бөлініп беріледі. 
“Atameken Qaragandy” ұйымымен алғашқы болып келісімшартқа «Казцинк» ЖШС қол қойды. Компания Қаражал мен Жәйрем кентінде кәсіпкерлікті дамыту үшін 200 млн теңге бөледі. 
Ұйым беретін несие кәсібін енді бастайтын немесе әрекеттегі ісін кеңейтетін кәсіпкерлерге бес жылдық мерзімге өте төмен пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Несиелендірудің максималды сомасы – 8 000 АЕК дейін (20 млн 200 мың теңге). 
15 мамырда Atameken Qaragandy ұйымының Несиелік комитетінің бірінші отырысы өтті. Оның жұмысына Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының, «Казцинк» ЖШС және Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Тапсырылған бес өтініштердің үшеуіне оң жауап берілді. Несиелеудің жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.

 

Басқа материалдар

Back to top button