Аружан Жазылбекова «Ең үздік актриса» атанды

Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік әйел рөлі» сыйлығын жеңіп алды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Лос-Анжелес(АҚШ) қаласында өткен 4-ші кезекті «Golden screen awards» марапаттау шарасында жылдың «Ең үздік киносы», «Ең үздік музыка», «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік әйел рөлі» сынды 4 номинация бойынша марапатталды.

Айта кетерлігі, «Golden screen awards» шарасы China Film Co Production корпорациясы, Hollywood Reporter және Америка кино қауымдастығының қолдауымен 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты — қытайлық және шетелдік кино студияның бірігіп түсірген үздік киноларын марапаттау.