ЖаңалықтарҚарағанды

Қарағандының Бұқар жырау-Чкалов қиылысында бағдаршам жұмысы өзгереді

Енді қарағандылық көлік жүргізушілері Бұқар жырау даңғылынан  Чкалов көшесіне кедергісіз шыға аладыСебебі, осы жол қиылысында қосымша бағыттамасы бар бағдаршам орнатылды.

Бұған дейін бас даңғылдан Чкалов көшесіне бұрылу үшін, Шахтер стадионы жағынан қозғалып келе жатқан жүргізушілер қосымша секцияның жануы кезінде, бағдаршамның негізгі рұқсат ету сигналына солға бұрылған қарама-қарсы бағыттағы көліктерді өткізгенен кейін ғана оңға бұрылатын-ды.   

Қалалық Әкімшілік полиция басқармасының айтуынша, жол қиылысында жол көлік оқиғалары түрінде ғана емес, полиция қызметкерлерімен де қақтығыс жағдайлары орын алған. Негізінен, қосымша бағыттамаға бұрылғанда қарама-қарсы бағыттағы көліктердің солға, жасыл сигналға бұрылатынын білмеген басқа қалалардың жүргізушілері де болыпты.

13 ақпаннан бастап осы бағдаршам нысанының жұмысы өзгертілді. Енді бағдаршам циклының өзгеруімен қақтығыс нүктесі болмайды. Алдымен, Бұқар жырау даңғылының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараты тарапынан Чкалов көшесіне бұрылатындар үшін негізгі бағдаршам жанады, осы сәтте қарсы бағыт көліктері, бағдаршамның қосымша секциясына бұрылғысы келетіндер сияқты күте тұрады. Негізгі бағдаршамнан кейін қызыл жанады, стадион жағынан қозғалатындарға оңға бұрылуға рұқсат беретін жасыл жебе бөлек қосылады.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button