Қарағандылық жас полицейлер ант қабылдады

2019 жылдың 13-ші сәуірінде Қарағанды қаласының Олимпиский көшесінде облыстық Полиция департаментіне қарасты басқармалар мен бөліністердің 800 –ге жуық қызметкері салтанатты шеру жасап, 25 жас қызметкер ант қабылдады. Сонымен қатар, 10 полиция қызметкеріне алғашқы арнаулы атақтары табысталды.

Салтанатты шараны облыстық Полиция департаментінің бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Файзуллин Ерлан Жұмасейтұлы ашып, барша тәртіп сақшыларын салтанатты шарамен құттықтап, жас қызметкерлерге алдыңғы буын ағалардың ізін жалғап, ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етулерін басты назарға салып, алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, жас қызметкерлерді ант қабылдау салтанатты шарасымен Қарағанды облысы Ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұман Нұрпейісовте құттықтады. Жас қызметкерлердің ант қабылдау шарасы аясында жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің көрнекі жаттығулары көрсетіліп, іс-шара соңы полиция қызметкерлерімен арнайы техникалардың шеруімен аяқталды.