#Biz birgemiz!Бас тақырып

Қарағандылықтар 1 мамыр мерекесіне орай #ҰлтТағамдары челленджін бастады

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қарағанды облысында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша челлендж басталды. Ол 30 сәуірге дейін жалғаспақ. Акция барысында әзірленген тағамдар көпбалалы отбасыларға, медициналық қызметкерлерге және блок бекет кезекшілеріне тарту етіледі.

Ерекше челленджді  Қарағанды облысының ҚХА өкілдері мен облыстық ішкі саясат басқармасы бірлесіп ұйымдастырған.  

«27 сәуірде ұлттық тағамдарды дайындау бойынша челленджге Қарағанды, Балқаш, Абай, Ақтоғай және Бұқар жырау аудандары қатысты. Ал, 28 сәуірде челлендж Қаражал, Приозерск, Жаңаарқа, Қарқаралы және Нұра аудандарында жалғасты. 29 сәуірде еріктілер Саран және Сәтпаев қалаларында, Осакаров, Ұлытау және Шет аудандарында ұлттық тағамдар таратады. Соңғы күні, 30 сәуірде челлендж Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Шахтинск қалаларында өтеді», – деп хабарлады Қарағанды облысының ҚХА.

Сонымен қатар, облыста «Біз біргеміз» акциясы аясында жүзден астам қайырымдылық шара, онлайн-концерт, мектеп оқушылары арасындағы онлайн-байқау, викториналар және танымдық жобалар ұйымдастырылады.
2 мамырда  «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының базасында «БҰҰ Моделі «Ассамблея Стратегиясы-әркімнің игілігі» тақырыбында онлайн-конференция өтеді.  Оған жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысады.

Басқа материалдар

Back to top button