Бас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады

Қарағандыда автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Биылғы жылдың қазан айының соңына дейін қала орталығында, Оңтүстік-Шығыста, Майқұдық, Пришахтинск, Михайловка және Федоровка аудандарында 16 жол ретке келтірілмек.

Орталық пен Оңтүстік-Шығыста төрт көше – Бұқар жырау даңғылы, Чижевский, Сәрсеков, Комиссаров көшелері, «Күнгей» ықшам ауданындағы екінші көше, Степной – 1, 2, 3 ықшам аудандарындағы жолдар, Ескі әуежай ықшам ауданындағы көшелер және Үштөбе кентіндегі жолдан Қуанышбаев көшесіне шығатын учаске жөнделеді.

Майқұдықта үш жол жөнделеді – Архитектурная, Күзембаев көшелеріндегі жолдар және 14 шағын ауданды әскери бөліммен байланыстыратын учаске.

Пришахтинск шағын ауданында орташа жөндеу жұмыстары Саран күрежолы және Ишимская көшесінде жасалады.

Михайловкада Садоводов, Федоровкада Разрезовский және Депутатская көшелері қалыпқа келтіріледі. Жөндеу жұмыстарын осы жылы қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Алайда, жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімдері ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.

10 маусым – 14 ықшамауданнан әскери бөлімге дейін (Күзембаев көшесі);

20 маусым – Садоводов көшесі;

30 маусым – Күзембев көшесі (Майлин көшесінен Орал көшесіндегі №1г үйге дейін);

 10 шілде – Депутатская көшесі;

31 шілде – «Күнгей» ықшамаудандағы 2-ші көше, Ишимская көшесі (№11 орта мектепке дейін), Сәрсеков, Чижевский, Комиссаров көшелері (Бұқар жырау даңғылынан Ермеков көшесіне дейін);

31 тамыз – Разрезовская көшесі;

30 қыркүйек – Степной 1, 2, 3 шағын аудандарындағы орамаралық жолдар, Үштөбе кентіне барар жолдан Қуанышбаев көшесіне шығатын жол бөлігі, Саран тас жолы (15 магистральдан №3 үйге дейін), Архитектурная көшесі (Магнитогорская көшесінен 17 маршрутқа дейін), Бұқар жырау даңғылы (жол өтпесінен Гончарная көшесіне дейін);

31 қазан – Ескі әуежай ықшамауданындағы жол.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button