Қарағандыда «Жасыл Ел» еңбек маусымы қорытындыланды

Қарағандыда студенттік құрылыс және «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Биыл бұл ұйымда екі мыңға жуық азамат жұмыс істеген.  

  • Жастар гүлзарлар мен саябақтарды көгалдандыру, аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты, — деді Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев.

Оның айтуынша, «Жасыл Ел» қатысушылары осы маусымда 3,5 мың ағаш отырғызған. Табиғатты қорғау бойынша 30-ға жуық іс-шаралар өткізілді.