Жаңалықтар

Қарағандыда «Жастар әлемі» облыстық фестивалі өтеді

31 тамызда Орталық мәдениет және демалыс саябағының жағалауында «Жастар әлемі» V облыстық фестивалі өтеді. Оған қатысуға өтінімді Қарағанды облысының барлық аймақтарынан рок-топтар, рэп орындаушылар мен бишілер бере алады, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

Фестиваль бағдарламасында «Квинтовый круг», Абай ауданынан «Rocks time», Қарағандыдан «Ниагара» «KLIENT» «Сальерика» «TEQUILA SUNRISE» «Stolen Song», «STEPPEFISH» және «Кукумбер» рок-топтары өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Фестиваль екі бөлімнен құралады. «Street sound» деп аталатын бірінші блокта көрермендер алдында көшедегі би орындаушылары мен рэп музыканттар өнер көрсетеді.

Қатысушылардың жас мөлшері 5-тен 40 жасқа дейін. Музыка және костюм композицияға сай келіп, бидің болмысымен сәйкесуі тиіс. Музыкалық қосақталу mp3 форматында алынбалы-салынбалы ақпарат тасымалдауышта концерт алдында, тіркеуден өткен соң ұйымдастырушыларға тапсырылуы керек. Қойылым ұзақтығы 4 минуттан аспауы тиіс. 

Екінші блок, «Террикон», рок-топтардың коннцертінен құралады. Мұнда міндетті шарт жанды дауыс болып табылады, фонограмма пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Әр рок-тобы 8-10 туындыларын ұсынады: авторлық және танымал әндердің кавер-нұсқасы. Өзімен бірге орындаушылар өз аспаптарын, дыбыс әрлеуші құралдары- аспаптық процессорларын, қажет болған жағдайда гитара комбиктерін және т. б. ала келулері керек.

Қатысуға өтінімдер 20-шы тамызға дейін келесі мекенжай бойынша қабылланады: Қарағанды, Бұқар жырау даңғылы,32. Телефон/факс: 8(7212) 425033, 507704. E-mail: rokjastar@mail.ru.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button