Жаңалықтар

Қарағандыда жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер форумы өтті

Қарағандыда  “Табиғатты аяла” облыстық форумы өтті. Оған жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер қатысты.

Форумға қатысушылар зерттеулері мен жобаларын көпшіліктің назарына ұсынды. Қазылар алқасы “Туған өлкені зерттейміз”, “Жасыл экономика”, “Денсаулық және қоршаған орта”, “Экоәлем”, “Жасыл оазис”, “Табиғаттың құтқару шеңбері” экологиялық квест номинациялары бойынша үздік жұмыстарды таңдады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Қалған қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Үздік жұмыстардың авторлары биылғы жылы 11-13 маусымда Қарағандыда өтетін форумның республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button