Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда “Тіл жанашыры” байқауының жеңімпаздары марапатталды

Тілдері күні қарсаңында “Тіл жанашыры” байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шара Достық үйінде өтті. Бұл марапат мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайын беріледі.  

Биыл аймақ басшысы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша дәстүрлі номинациялар қатарына  «Үздік оқытушы» аталымы қосылды. Бұл сыйлық ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын және тіл меңгеру саласында жаңа технологиялар қолданған ұстаздарға беріледі.
– Тіл – бұл қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың және мемлекеттің рухы. Ұлттық код негізінде ана тіліміз жатыр. Жыл сайын қазақ тілін үйренушілердің саны артып келе жатқаны қуантады. Егер 10 жыл ҰБТ тапсыратын түлектердің 40%-ы тапсырмаларды мемлекеттік тілде орындаған болса, қазір бұл көрсеткіш 70%-ға дейін өсті. Балабақшаларда қазақ топтарындағы балалар саны бірнеше есеге артты, – деді Ерлан Қошанов.
Биылғы жылы байқауға 8 номинация бойынша 43 үміткер қатысқан. Жеңімпаздарды қазылар алқасы таңдады. Сыйлық мөлшері – 250 мың теңге. Тіл саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін байқаудың бас жүлдесі Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Жандос Смағұловқа берілді. 

Басқа материалдар

Back to top button