Жаңалықтар

Қарағандыда түнгі сот құрылмақ

Қарағанды облысының прокуратурасы, ІІД және соты түнгі сот құру туралы үш жақты меморандум орнатты. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлады.

– Қазақстандық құқықтық аумақта түнгі сот – жаңа құбылыс, алайда әлемдік тәжірибеде ол жүзеге асырылуда. Бұл пилоттық жоба  және біз оны  жол-көлік оқиғалары кезіндегі әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты қолданамыз.  Болашақта мұндай соттар облысымыздың барлық аудандарында жұмыс істейді, – деді Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Кемеңгер Имашевтің айтуынша, түнгі сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыру мерзімін 100 күннен 15 күнге дейін қысқартады.

– Түнгі сот не үшін қажет? Нақты айтар болсақ, жол көлік оқиғасы орын алғанда жүргізуші өз айыбын мойындап, полицейге хаттама толтыруға рұқсат берсе, түнгі сот пайдалы болмақ.  Автокөлік иесі сақтандыру төлемін қашан алады? Алдымен ол полиция материалдарды сотқа бергенін күтеді, сонан соң оны сот төресі қарасытғанша уақыт өтеді, сонан кейін сот шешімі заңды күшіне енуі тиіс, тек содан соң ғана сақтандыру төленеді. Барлығына 3 айдан астам уақыт кетеді. Осы уақыт аралығында көлік тұруы тиіс. Жәнеде жүргізушілер құқық бұзумен келісетін жайттар 70 пайыздан асады. Түнгі сот бұл проблеманы шешуі тиіс. Түнгі сотта істі қарастыру үшін небары екі шарт болуы қажет: кінәні мойындау және кешкі уақытта сот ісін қарастыруға келісімнің болуы. Хататаманы рәсімдеген соң материалдар бір тәулік ішінде әкімшілік сотқа жіберіледі. Сол күні сот істі қарастыруды тағайындайды. Және үшінші тәулікте екі жақ сот үкімін алып, сол құжатпен сақтандыру компаниясына барады. Осылайша, істі қарастыру мерзімі 15 күнге дейін қысқарады, бұл ретте оның заң жүзіне енуі де осы уақыт аралығына кіреді, – деп түсіндірді Кемеңгер Имашев.

Түнгі соттың жұмыс уақыты – 18.30-дан 22.00-ге дейін.

– Ең бастысы, біздің азаматтар риза болады. Олар біріншіден, өз жұмыстарынан бас алмай, тез арада істі қарастырып, шығын себебін анықтайды. Екіншіден, ол уақыт үнемдейді. Үшіншіден, жауапты жақпен байланысты сұрақтар шешіліп, шығынды өтеу мәселесі шешіледі. Болашақта түнгі соттарда сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар, кішігірім бұзақылықтар және көші-қон саласындағы заң бүзушылықтар қарастырылуы мүмкін, – деді Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button