Қарағандыда «Славян жазбасы күніне» орай мерекелік концерт өтті

Қарағанды қаласында Достық үйінде «Славян жазбасы күніне» орай мерекелік концерт өтті. Шараның мақсаты – аймақтағы этностардың мәдениеті мен өнерін дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту.

Қазақстан тарихына зер салсаңыз, еліміз өткен ғасырларда көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдеріне пана болғанын аңғарамыз. Қуғын-сүргінге ұшырап, туған жерінен қуылған халықтар қазақ даласына келіп, жергілікті ұлттың қамқорлығының арқасында қатарға қосылды. Елімізде этностардың салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін сақтауға қолайлы жағдай жасалған.

«Славян жазбасы күні» әлемнің көптеген елінде атап өтіледі. Ал, Орта Азия елдерінің ішінде бұл күнге, тек, Қазақстанда ғана мемлекеттік институттар тарапынан қолдау көрсетіледі.