Бас тақырыпРесми

Қарағандыда МЖӘ бағдарламасы аясында балалар емханасы және оңалту орталығы ашылады

Қарағанды облыстық экономика басқармасы басшысының орынбасары Айжан Дурсунның мәлімдеуінше, 2018 жылдың 4 мамыры мен 2019 жылдың 13 маусымы аралығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 21 жоба мақұлданған. Қазіргі таңда 12 жоба бойынша келісім шарт жасалды. Тағы 6 жоба бойынша келіссөздер жүргізілуде. Олардың екеуі спорт, төртеуі денсаулық сақтау саласына қатысты. Бұл жобалар бойынша Қарағанды мен Жезқазған қалаларында спорт кешендері, Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы және Қарағандының 11а ықшам ауданында емхана салынады.

Айжан Дурсун облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізіміне денсаулық саласына қатысты тағы екі жобаны енгізуді сұрады.

Бірінші жоба, Қарағанды қаласының Октябрь ауданында (Пришахтинск) балалар емханасын ашуды көздейді. Жобаның құны – 350 млн.теңге. Емхана бір ауысымда 450 адамды қабылдай алады. Ал, екінші жоба бойынша, Қарағанды қаласында 40 орындық оңалту орталығы ашылмақ. Жобаның екеуі де салалық және құқықтық сараптамадан өтті. Оларды жүзеге асыру үшін бюджеттен қаржы бөлу талап етілмейді, – деді Айжан Дурсун.

Облыстық мәслихат депутаттары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізімін толықтыруға бірауыздан келісім білдірді.

Басқа материалдар

Back to top button