Қарағандыда балаларды оңалту орталығы ашылады

Қарағандыда жыл соңында тірек-қимыл аппараты мен жүйке жүйесі бұзылған балаларға арналған 50 орындық оңалту орталығы ашылады. Орталық жылына 3 мыңға жуық бала қабылдайды. Қазір ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Оңалту орталығы Майқұдықтағы балалар ауруханасының аумағында орналасады. Бірнеше жыл бойы бос тұрған қосымша құрылыс ғимараты жеке инвестор – «ОО Шипагер» ЖШС сенімді басқаруға берді. Кәсіпкер құрал-жабдықтарды жөндеу мен сатып алуға 150 миллион теңге жұмсайды. Сондай-ақ, «Қарағанды қаласының балалар ауруханасы» КМК бірлесіп пайдалану үшін су ұңғымасын қалпына келтіреді.

— Біз ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектескіміз келеді. Ол үшін заманауи жабдықты сатып аламыз. Бізде ЕДШ залдары, массаж кабинеттері, физиоемдеу және т.б. болады. Штатты қалыптастырдық. Дәрігерлеріміз Қазақстанның әр түрлі медициналық мекемелерінде және шетелде тағылымдамадан өтеді, — деді «ОО Шипагер» ЖШС директоры Ольга Подгайнова.
Балаларды оңалту орталығында алуға болатын барлық қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша тегін көрсетіледі.