Қарағандыда қазақ күресінен республикалық  турнир өтіп жатыр

Қарағанды қаласының 85 жылдық мерейтойының құрметіне қазақ күресінен республикалық  турнир ұйымдастырылды. «Сарыарқа батырлары» деп аталған додаға 250-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың бас төрешісі Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қапар Рауанов Қарағанды облысында ұлттық спорттың дамуына оң бағасын беріп отыр. Әсіресе, қазақ күресінің дамуы қарқын алып келеді. Оның бір дәлелі ретінде, «Қазақстан барысының» аймақтық аналогына айналған «Сарыарқа батырлары» додасын атап өтуге болады.