Бас тақырыпОблыс әкімі
Қарағандыда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
9 қараша, сенбі күні Қарағанды қаласының Олимпийская көшесінде («Шахтер» стадионының маңайы) күзгі «Ауыл Береке – 2019» ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде облыстың ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерінің және Қарағанды қаласы кәсіпорындарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады. Жәрмеңкені өткізу орнына келесі автобус маршруттарымен баруға болады:
1. Оңтүстік-Шығыс, қала, Пришахтинск – №№45, 145, 70;
2. Майқұдық, қала, Михайловка – №28 (Олимпийская көшесі
арқылы өтуі үшін қозғалыс кестесі өзгертіледі);
3. ТББ (ЖБИ) зауыты аумағы, қала – №№73, 55.