Қарағанды теміржол вокзалы уақытша жабылады

26 наурыздан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Қарағанды теміржол вокзалы ғимараты уақытша жабылады, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жолаушыларға автовокзал ғимаратында және перронда қызмет көрсетіледі.
Қарағанды теміржол вокзалын қайта жаңарту кезең-кезеңмен, 2018 жылдың тамыз айынан бастап, нысанды пайдалану кезеңінде жұмыс өндірісінің барлық қажетті процедураларын сақтай отырып жүргізіледі.

Жоба бойынша 2-5 жолда еркін қозғалу үшін эскалаторлар мен лифтілер орнатумен жылытылатын жабық конкурстық өтпе жол салынбақ. Вокзалды операциялық және сервистік аймаққа бөлу жоспарланған. Операциялық аймақта касса залы, анықтама бюросы, күту залдары орналасады. Сервистік аймақ — сақтау камералары, ана мен бала бөлмесі, сервис-орталық, шағын-маркеттер, тамақтану орындары, сауда дүңгіршектері, шаштараздарды қамтиды.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың вокзал қызметтеріне кедергісіз қол жеткізуіне жағдай жасалуда. Жолаушыларға платформалардың жайлы болуы үшін қалқалар орнату жоспарлануда.

Қайта жаңартудан кейін вокзал алаңы 1 600 шаршы метрге кеңейтіледі және 3 900 шаршы метрді құрайды, бұл оның өткізу қабілетін тәулігіне 4 000-нан 7 000-ға дейін, отырғызу орындарының саны 417-ден 670-ке дейін арттырады.