Жаңалықтар

Қарағанды облысында карантин шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіледі

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров аймақта карантин шараларының кезең-кезеңімен жеңілдетілетінін жеткізді. Бірқатар нысандарға жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді.

«12 мамырдан бастап тұрғындар саябақтарға, скверлерге, гүлзарларға және жағалауға барып серуендей алады. Бірақ, 3 адамнан артық топтасуға болмайды және әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек. Такси қызметі бойынша, жолаушылар санына қойылған шектеулер де алынып тасталды. Азық-түлік емес тауарларды сататын нысандардың – ауданы 2000 шаршы метрден аспайтын сауда үйлері, сауда орталықтар мен дүкендер жұмысына рұқсат берілді. Қызмет көрсету нысандары – моншалар, сауналар, тігін, аяқ киім жөндеу шеберханасы және азық-түлік базарлары 10:00-ден бастап 17:00-ге дейін жұмыс істей алады», – деді Қанат Асқаров.
Бұдан бөлек, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Теміртау қаласында да карантин режимін жеңілдету туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Оның айтуынша, құрыш қалада қоғамдық көліктердің және жеке автокөліктің қозғалысына қойылған шектеулер алып тасталған. Сондай-ақ, шаштараздар, сұлулық салондары және косметикалық қызмет көрсететін мекемелер алдын ала жазылу бойынша сағаит 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, жарнама агенттіктеріне, қоймаларға, фотосалондарға, ІІ деңгейлі банктердің филиалдарына, ломбардтарға, шағын несие беру ұйымдарына, құрылыс дүкендеріне жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Басқа материалдар

Back to top button