Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстары басталды

Қарағанды облысының бірнеше ауданында көктемгі егіс науқаны басталды. Шаруалар қазірдің өзінде дән егу жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов мәлімдеді.

Дәнді-дақылдарды егуге Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа және Шет аудандарының шаруалары кірісті. Қазіргі таңда барлығы 21,9 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның ішінде 12,8 мың гектар алқапқа бидай егілген. Абай ауданында 65 гектар картоп, 25 гектар басқа да көкөніс түрлері өсірілуде.
Қалған аудандарда топырақты көктемгі егіске дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. 96 мың гектар жерде егіс алдындағы өңдеу, ал, 33 мың гектарға көктемгі өңдеу жүргізілді.
Фермерлер дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнге дейін 3 977 тонна дизель жанармайы жөнелтілді.

Басқа материалдар

Back to top button