Коронавирус

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 130 жағдайы тіркелді

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 130 жағдайы тіркелді.

130 емделушіде ПТР-талдау COVID-19 бар екенін анықтады. Бұл жағдайлар жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды скрининг және тексеру барысында анықталды.
Жұқтырғандардың барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.

Қазіргі уақытта аурушаңдықтың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу жүргізіледі. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

21 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 430 жағдайы тіркелген, оның ішінде 3 науқас көз жұмды және 170 адам сауығып кеткен. 

Басқа материалдар

Back to top button