Қарағанды облысында азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

Елімізде 16 наурыз 08.00-ден бастап төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, Қарағанды облысында азық-түлік желілері мен азық-түлік дүкендері, базарлар, дәріханалар  күнделікті тәртіпте жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.

Облыста азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Тауар құнын негізсіз көтеру мәселелері ерекше бақылауда. Әрбір дерек бойынша шаралар қабылданады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі