Коронавирус

Қарағанды облысында 12 науқас коронавирустан жазылды

Бүгін Қарағанды облысында 12 науқас коронавирус індетін жеңіп, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Қарағанды қаласында тұратын 1958 және 1999 жылы туған әйелдерден коронавирус инфекциясының орта формасы, ал, 1994 жылы туған әйелден  жеңіл формасы анықталған болатын.  Олардың үшеуі де сырқатынан сауығып, үйлеріне жіберілді.

Теміртау қаласында 8 азамат індеттен жазылып шықты. Бұған дейін 1988 жылы туған әйелден және 1965, 1989 жылы туған ер адамдардан  коронавирус инфекциясының орта формасы, 1997 жылы туған жігіттен, 2007 жылы туған баладан және  1979 жылы, 1992 жылы, 1983 жылы туған әйелдерден жеңіл формасы анықталған еді. Бүгінде олардың барлығы індеттен толық жазылды.
Абай ауданында коронавирус инфекциясының орта формасына шалдыққан 1976 жылғы әйел адам сырқаттан сауықты.  
Барлық науқастар 14 күн үй карантинінде болады. Жалпы алғанда, облыста індеттен жазылғандардың саны 111 адамға жетті”, – делінген хабарламада. 

Басқа материалдар

Back to top button