Қарқаралы

Қарқаралыда көпбалалы аналарға пәтер кілті табысталды

Көпбалалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Жақында аудан әкімі Халел Мақсұтов алты көпбалалы отбасыға пәтерлер кілттерін тапсырды. 

Салтанатты шарада сегіз баланың анасы Сапар Кенжебекова қамқорлық көрсетіп отырған билік өкілдеріне аналық алғысын жеткізді. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Бану Мұқашева баспаналы болған отбасыларға жүрекжарды лебізін білдірді.

 Пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілді. Жалпы, жыл ішінде аудан орталығындағы 16 отбасы баспанаға ие болады деп күтілуде. 

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button