Жаңалықтар

Қарқаралыда Абай портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды

Қарқаралы ауданының тұрғыны Манарбек Кәрімұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында жерлестеріне сыйлық жасады. Ол ұлымен бірге ақынның портретін тас бетіне қашап, ескерткішті Абай тоқтаған Бекметовтер үйінің жанына орнатты.

Бұл үй XIX ғасырдың екінші жартысында  татар көпесі Халиолла Бекметовке тиесілі болған. Қазіргі таңда мұнда аудандық мәдениет бөлімі орналасқан.

Абай портреті бейнеленген ескерткіш тастың салмағы – 2,5 тонна. Биіктігі – 350 сантиметр. 

– Біз тасты Қорғантас тауынан түсірдік, онда бір кездері қалмақтармен үлкен шайқас болған. Тасты үйге әкелген соң Абайдың бейнесін қашадық.  Ескерткішті  дайындауға 4 күн уақыт жұмсадық, – дейді Манарбек Кәрімұлы.

Басқа материалдар

Back to top button