Қарқаралы жастары экологиялық акция ұйымдастырды

Қарқаралы ауданының жастары «Таза өзен» экологиялық акциясы аясында өңірдегі өзендердің арналары мен жағалауларын күл-қоқыстан тазартты. Шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, аудандық жастар ресурстық орталығы және қала, кент, ауылдық округ әкімдіктері қолдау көрсетті.  

Экологиялық акцияның мақсаты —  өскелең ұрпақ бойында паттриоттық сезім ояту, қоршаған ортаны қорғауға, еңбекқорлыққа және тазалыққа шақыру.
Аудан бойынша өткен акцияға 341 адам, 6 техника қатысты. Жағалаулардан  4 тоннаға жуық қоқыс пен тұрмыстық қалдық шығарылды. Экологиялық акцияға  Мыңжасар Әдекенов атындағы ауылшаруашылық колледжінің, О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің, Ә.Ермеков атындағы №2 орта мектептің, М.Бәпиұлы атындағы №44 орта мектептің жастары ерекше белсенділікпен қатысты. Аудандық жастар ресурстық орталығы акцияның қатысушыларына қол дорба (100 дана), қап (50 дана) және су (100 дана) таратып, шараның соңында белсенділік танытқан 8 жасқа естелік сыйлықтар табысталды.